Қазақстанда аз қамтылған отбасылар азық-түлік орнына ақша алады

Есепшоты жоқ қазақстандықтар тағы да ақшалай көмектен қағылуы мүмкін

Қазақстанда аз қамтылған отбасылар азық-түлік орнына ақша алады

Мұндай шешім Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.

Дәлірек айтсақ, Мемлекеттік комиссия Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұсынысын мақұлдай отырып, азық-түлік және тұрмыстық заттар берілетін отбасыларға көмекті енді ақшалай беруді жөн санаған. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

«Жеделдік пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік комиссия Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің азық-түлік және тұрмыстық заттар пакетін азаматтардың есепшотына ақша ретінде аудару туралы ұсынысын мақұлдады», - деп жазылған сайтта.

Дереккөзге сүйенсек, бұл міндет өңір әкімдеріне жүктелген.

«Аймақ әкімдеріне ұсынылып отырған тетік арқылы азаматтарға ақшаны уақытында аударуды тапсырамын. Карталық счет жоқ болса немесе мүгедек болғандықтан, ол адам жүріп-тұра алмаса, азық-түлік тиісті санитарлық талаптар бұзылмастан, ол адамның үйіне жеткізілсін», - деп тапсырған Премьер-министр Асқар Мамин.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.