$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Үкімет басшысы ТЖМ-ға елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жасауды тапсырды

4 наурызда Алматыда күші 5 балдық жер сілкінісі болды

Үкімет басшысы ТЖМ-ға елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жасауды тапсырды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Алматыдағы жер сілкінісі кезінде дабыл сиренасы мен халықты құлақтандыру жүйесі уақытылы іске қосылғанын атап өтті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Төтенше жағдайлар министрлігі, әкімдік және басқа да мемлекеттік органдар болған жағдайға қатысты шұғыл әрекет ете білді. Бұл жолы дабыл сиренасы мен халықты құлақтандыру жүйесі уақтылы іске қосылды. Қала халқы қабылдау пунктеріне эвакуацияланды. Бағымызға қарай, айтарлықтай зардаптар болған жоқ. Қазір орын алған жағдайды есептеу-бағалау жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі елдегі сейсмологиялық ахуалға тұрақты мониторингті қамтамасыз етуі керек. Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс. Халықпен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет», - деді Бектенов бүгінгі Үкімет отырысында.

Сондай-ақ, Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігіне еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қауіпіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуді де тапсырды.

«Төтенше жағдай қаупі туындаған кезде шұғыл әрекет ету шараларын қабылдаңыздар», - деді ол.

Еске салсақ, 4 наурызда Алматыда күші 5 балдық жер сілкінісі болды. 

Авторы: Айжан ТЕМІРХАН 

Серіктес жаңалықтары