Президент қатысатын Үкімет отырысында қандай мәселелер талқыланбақ
Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық мәселесі қаралды
Үкіметте Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін кеңейтілген отырысқа дайындық барысы талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте 2023 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және Үкіметтің 2024 жылға арналған жұмыс жоспарлары бойынша Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін кеңейтілген отырысқа дайындық мәселелері қаралды.
Мемлекет басшысының Жолдауларында және сайлауалды бағдарламасында белгіленген реформаларды жалғастыру аясында экономиканы одан әрі өсіруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.
«Атап айтқанда, өнеркәсіп, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және туризм салаларындағы міндеттер мен жобаларды іске асыру, сондай-ақ азаматтарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік қолдауды нығайту мәселелері қаралды», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, сондай-ақ инфляцияны одан әрі төмендету жөніндегі шаралар талқыланды.