Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері белгілі болды

Жазатайым оқиғалардың 20%-ы қауіпсіздік шарасын түсіндіретін маман тапшылығы салдарынан туындап отыр    

Өндірістегі жазатайым оқиғалардың негізгі себептері белгілі болды
Фото: freepik.com

Жұмыс берушілердің жұмыскерді жазатайым оқиғадан сақтандыруға қызығушылығы төмен. Бүгінде жұмыскерлердің тек 54 %-ы сақтандырылған, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

Бүгін Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова жоғары өндірістік жарақаттанудың негізгі себебінің бірі қауіпсіз еңбекке оқытудағы кадр тапшылығы екенін атап өтті.    

«2022 жылы жазатайым оқиғалардың 20 пайызы қауіпсіздік шараларын оқыту сапасының төмен болуынан туындап отыр. Осы мәселелерді шешу үшін оқу орталықтары жүргізетін оқыту рәсімдерін және онлайн-платформа құра отырып, еңбекті қорғау жөніндегі білімді тексеруді бөлу жоспарланып отыр. Оқу орталықтарына қойылатын талаптар күшейтіледі, бірыңғай оқу-әдістемелік орталық құрылады, оның функцияларының бірі білімді тексеру үшін үлгілік оқу бағдарламалары мен бақылау мәселелерін әзірлеу болады. Еңбекті қорғау жөніндегі мемлекеттік және техникалық инспекторларды, өндірістік кеңестердің басшылары мен мүшелерін міндетті түрде біліктілігін арттырумен қамтамасыз етіледі», - деді министр.  

Авторы: Еркежан АЙТҚАЗЫ 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.