$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.04.2020, 11:37
Үкімет

Үкімет төтенше жағдай кезінде нан, күріш, жұмыртқа мен күнбағыс майының бағасын өсіруге тыйым салды

Елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке шекті баға белгіленді

 

Үкімет төтенше жағдай кезінде нан, күріш, жұмыртқа мен күнбағыс майының бағасын өсіруге тыйым салды

Сауда министрлігі, Ауыл шаруашылығы және Ұлттық экономика министрлігі төтенше жағдай кезінде «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі

Минстрліктің мәліметінше,бүгінгі күннен бастап мынадай тауарларға шекті бағалар белгіленді:

 1) бірінші сортты бидай ұны,

2) бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді),

3) макарон өнімдері (өлшеніп салынатын),

4) қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын),

5) тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын),

6) сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі),

7) тауық жұмыртқасы (I санатты),

8) күнбағыс майы,

9) ас тұзы («экстра»-дан басқа).

Соңғы айда ел тұрғындары бұл азық-түлік түрлерін көп сатып алған. Соған байланысты, баға да өскен.  Енді баға әр аймаққа жеке белгіленеді.

«Нұр-Сұлтан қаласында 1-ші сұрыпты ұннан 1 келі нан ең көп дегенде 150 теңге,

Алматыда – 146 теңге,

Шымкент қаласында – 146 теңге тұратын болады.

Өңірлерде: Маңғыстау облысында – бір келі нан үшін 164 теңге,

Ақтөбе облысында – 147,

Атырау облысында – 164,

Ақмола облысында – 160,

Қостанай облысында – 139,

Қызылорда облысында – 143,

БҚО – 160,

ШҚО – 150,

Павлодар облысында – 161,

СҚО – 120,

Алматы облысында – 144,

Жамбыл облысында – 138,

Түркістан облысында – 148.

Қарағанды облысында 1 келі нанның құны  - 142 теңгеден 160 теңгеге дейін», - делінген Сауда және интеграция министрлігінің ресми хабарламасында.

Министрліктің дерегінше, баға бір келі нан үшін орнатылған. Бірақ бір бөлке нан (кірпіш) – 550 грамм. Осылайша, нан бөлкесінің (кірпіштің) құны, мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында – 82,5 теңгеден, Алматы және Шымкент қалаларында – 80,3 теңгеден аспайды.

Ал әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін арттырғаны үшін 265 100 теңгеден 530 200 теңгеге дейін айыппұл қарастырылған.

Серіктес жаңалықтары