$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.11.2023, 14:29
Үкімет

Үкіметте ШҚО-дағы су қоймалары мен автожолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Жиында Қандысу және Үйдене су қоймаларын күрделі жөндеуден өткізу мәселесі қаралды

Үкіметте ШҚО-дағы су қоймалары мен автожолдарды жөндеу мәселелері талқыланды

Үкіметте өткен кеңесте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларын орындауға қатысты шаралар қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Орталық мемлекеттік органдар мен әкімдік басшыларының қатысуымен облыстағы Қандысу және Үйдене су қоймаларын, сондай-ақ өңірдің суармалы жерлеріндегі шаруашылықаралық және шаруашылықішілік каналдарды күрделі жөндеу мәселелері талқыланды.

Премьер-Министр жалпы республика бойынша көптеген су қоймаларын күрделі жөндеу қажет екенін, сондықтан бұл жұмысты кезең кезеңімен жүргізу керектігін атап өтті. 

Бұл ретте ең алдымен, басым жобаларға баса назар аудару керек.

Сонымен қатар кеңеске қатысушылар «Алтай» көтерме-тарату орталығы, Риддер қаласындағы емханасы бар көпсалалы аурухана кешенін салу мәселелерін талқылады.

Премьер-Министр жоспарланған жобалардың уақтылы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.

«Мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, Марқакөл және Катонқарағай аудандарын қалпына келтіру жұмыстарын қамтамасыз етуді тапсырамын. Әкімдікпен бірлесіп, тапсырмалардың барлығын уақтылы әрі сапалы орындау үшін ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту қажет», — деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.

Серіктес жаңалықтары