«АрселорМиталл Теміртауды» қазақстандық инвестор сатып алады
Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады
ҚР премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Үкіметтегі брифингте «АрселорМиттал Теміртауды» қазақстандық инвестор сатып алатынын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
«Қазір біз компанияны атай алмаймыз, бірақ бұл кәсіпорынды нарықтық құны бойынша сатып алатын отандық инвестор болады. Бұл инвестор қыркүйек айында Қасым-Жомарт Тоқаевтың бизнеспен кездесуіне қатысты», - деді Роман Скляр.
Ол бірінші кезекте оның өнеркәсіптік қауіпсіздікке инвестиция салуын қадағалайтынын атап өтті.
«Инвестициялар көлемі бір миллиард доллардан асады», - деді ол.
Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырды.