$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан Ауғанстанға құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жібереді

Елде алапат жер сілкінісі болып, 2500-ге жуық адам қаза тапты  

Қазақстан Ауғанстанға құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жібереді
Фото: freepik.com

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсетеді. Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметке сілтеме жасап.

Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады. Жүк жақын арада әуе және теміржол көлігімен жөнелтілетін болады.

Сонымен қатар Ауғанстанға үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

Қазақстан биылғы 7 қазанда Герат провинциясында болған жойқын жер сілкіністерінің салдарын жою мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетеді.

Еске салайық, бұған дейін Ауғанстанда алапат жер сілкінісі болып, 2445 адамның қаза тапқанын хабарлаған едік. 

Серіктес жаңалықтары