1 шілдеге дейін шетелдіктер үшін 72 сағаттық визасыз режим тоқтатылды
Қаулыға ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қол қойды
Премьер-министр Асқар Мамин қол қойған жаңа Қаулыға сәйкес, көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың ел аумағынан кетуінің қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 29, 388-құжат) бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатыла тұрсын», - делінген Қаулыда.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Айта кетсек, коронавирус таралуының алдын алу мақсатында елімізде төтенше жағдай және бірқатар қалада карантин жарияланды. Қазіргі таңда Қазақстанда қауіпті вирус жұқтырғандар саны 284 адамға жетті. Өкінішке қарай, 1 адам көз жұмды.