$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.03.2020, 13:08
Үкімет

Нұр-Сұлтан мен Алматыда кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады

Бұл шектеу 30 наурыз бен 5 сәуір аралығын қамтиды

Нұр-Сұлтан мен Алматыда кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысы уақытша тоқтатылады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz сайты хабарлады.

Сайттың хабарлауынша, еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларындағы ахуал туралы әкімдер А. Көлгінов пен Б. Сағынтаев баяндаған.

«Мемлекеттік комиссия коронавирустық инфекцияның таралуын шектеу мақсатында Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында биылғы 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында орталық мемлекеттік органдар, әкімдіктер, құқық қорғау органдары, денсаулық сақтау ұйымдары, БАҚ, азық-түлік дүкендері, дәріханалар мен тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешімді бекітті. Толық тізім қалалардың әкімдіктерімен келісе отырып анықталады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия 28 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейтілетінін хабарлады.

Серіктес жаңалықтары