Үкіметте бизнестің түйткілді мәселелері талқыланды
Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берді
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар өкілдерінің және «Атамекен» ҰКП мен бизнес қауымдастығының қатысуымен бизнестің түйткілді мәселелерін қарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атамекен» ҰКП өкілдері білім беру нысандарына бірдей жағдай жасау, жобалау жұмыстарын сатып алуға қатысу кезінде демпингті болдырмау, экологиялық төлемдер, елді мекендер, сонымен қатар вахталық әдіс жұмысын қолдану, ауыл шаруашылығы алқаптарының шекарасына кіретін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге салық төлемдерін арттыруға қатысты түйткілді мәселелер туралы хабардар етті.
«Проблемалық мәселелерді талқылаудың қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар беріп, мемлекеттің басты міндеті – кәсіпкерлікті дамыту және кеңейту үшін барынша қолайлы жағдай жасау екенін баса айтты», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ мемлекеттік органдар бизнестің проблемалық мәселелерін дер кезінде және тиімді қарастырып, қолда бар барлық аспектілерді ескере отырып, мемлекеттің де, бизнестің де әлеуметтік-экономикалық мүдделерінің тепе-теңдігін сақтау қажеттігін атап өтті.