$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2020, 10:47
Үкімет

Үкімет отырыстары онлайн режимде өтетін болды

Ертеңнен бастап Үкімет үйіне келушілер мен БАҚ өкілдеріне шектеу енгізіледі

Үкімет отырыстары онлайн режимде өтетін болды

Елімізде апта сайын өтетін Үкімет отырысы ертеңнен бастап онлайн режимде өтетін болды. 

«Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Жарлығымен еліміздің аумағында COVID19 коронавирустық инфекциясының таралуына қарсы күрес және азаматтардың денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары күшейтілуде.  

Осыған байланысты, 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында Үкімет үйі ғимаратында келушілер және кеңестерге қатысушылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін шектеу енгізіледі.

Үкімет отырыстары онлайн режимде primeminister.kz сайтында және ресми аккаунттарында таратылады. Шаралардың трансляциясы туралы алдын ала хабарлайтын боламыз. 

Қосымша ақпарат алу үшін 74-59-72 телефон нөміріне хабарласуға болады», - деп хабарлады ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары