ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты

Асхат Дауылбаев Конституциялық кеңестің мүшесі болып қайта тағайындалды

Ол 2011-2016 жылдары Қазақстанның Бас прокуроры болды

Фото: Алиакбар Қадырбаев

Бұрынғы ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев Конституциялық кеңестің мүшесі болып қайта тағайындалды. Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында депутаттар оның кандидатурасын толық қолдады.

«Конституцияға сәйкес, біз Асхат Дауылбаевты Конституциялық кеңес мүшесі қызметіне тағайындаған болатынбыз. Бүгін оның өкілеттік мерзімі аяқталды. Ата Заңға сәйкес, А. Дауылбаевтың кандидатурасын қайта тағайындау үшін ұсынып отырмын», - деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Асхат Дауылбаев бұған дейін де, атап айтқанда 2016 жылдан бері кеңес мүшесі болған. 2011-2016 жылдары Бас прокурор қызметін атқарды.

Мәжіліс төрағасы Н.Нығматулин оның заң саласындағы мол тәжірибесін атап өтті.

Конституцияға сәйкес, Парламенттің әр палатасы Конституциялық кеңес мүшесін қызметке тағайындайды.

Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан

Сұхбат