$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.04.2023, 11:52
Үкімет

Үкіметте маңызды мұнай-газ нысандарын мемлекетке қайтару мәселесі талқыланды

Жиынға бірқатар орган басшылары қатысты

Үкіметте маңызды мұнай-газ нысандарын мемлекетке қайтару мәселесі талқыланды
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлихан Смайылов өткізген жиынға орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, БҚДА, ҚМА және басқа да ведомстволар басшылығы қатысты.

«Қатысушылар мұнай-газ саласының маңызды инфрақұрылымдық объектілерін мемлекет меншігіне қайтару барысын, теміржол жүк тасымалы нарығындағы жасанды монополияларды жою жөніндегі шараларды және астық тасымалдау нарығы субъектілерінің жауапкершілігін арттыру тетіктерін талқылады.», - делінген хабарламада.

Премьер-министр алдағы уақытта нақты экономикалық нәтижелерге қол жеткізу үшін басталған істер бойынша рәсімдерді және жалпы экономиканың негізгі секторларын демонополизациялау қарқынын жеделдетудің маңызын атап өтті.

Бұған дейін Әлихан Смайыловтың GE Healthcare компаниясының Ресей және ТМД-дағы бас директоры Елена Легезинамен Қазақстандағы жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі жоспарын талқылағанын хабарлаған болатынбыз.

Серіктес жаңалықтары