$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының қашан ашылатыны айтылды

Үкіметте жаңа газ өңдеу зауыттарын іске қосу мәселелері талқыланды

 

Қашаған кен орнында салынып жатқан газ өңдеу зауытының қашан ашылатыны айтылды
Фото ашық дереккөзден

ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте ішкі нарық үшін тауарлық газ өндірісін ұлғайту жөніндегі жоспарлар қаралды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатысушылар Қашаған кен орнында жаңа жобаларды іске асыру, атап айтқанда қуаты 1 млрд м3 газ өңдеу зауытын салу мәселелерін талқылады. Қазіргі уақытта ол жерде құрылыс-монтаждау жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде, қажетті жабдықтармен қамтамасыз етіліп жатыр. Кәсіпорын 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

«Оған қоса кен орнында мұнай өндіру көлемін ұлғайту аясында қуаты 4 млрд м3 болатын тағы бір ірі газ зауытының құрылысы пысықталып жатыр. Жоба екі кезеңде, яғни 2 млрд м3-ден екі желі бойынша іске асырылмақ», - делінген хабарламада.

Премьер-министр дайындық жұмыстарын жеделдетіп, жақын арада жаңа газ зауыты бойынша Жол картасына қол қою қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар кеңесте газ транзиті мен импортының кейбір мәселелері қаралды.

Серіктес жаңалықтары