Сенаторлар Санкт-Петербургте өткен еңбек форумына қатысты
Форумда еңбек өнімділігін арттыру, қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелері талқыланды
Сенаторлар Сергей Ершов пен Нариман Төреғалиев Санкт-Петербург қаласында ТМД Парламентаралық Ассамблеясы мен Санкт-Петербург мемлекеттік университеті және осы қаланың үкіметі ұйымдастырған IV халықаралық еңбек форумына қатысты, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Форум бағдарламасына жалпы сессиялар мен конференциялар, дөңгелек үстелдер, тренингтер және басқа да 80-нен астам шара енген болатын. Форум барысында еңбек өнімділігін арттыру, қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру, жастарды кәсіптік бейімдеу және ынталандыру, мүгедектігі бар адамдарды еңбек нарығына кіріктіру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Достастық елдеріндегі көші-қон процестерін құқықтық реттеу ерекшеліктері және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге арналған Ассамблея әзірлейтін үлгі Көші-қон кодексінің жобасы да бар.
Шараға парламентшілер, мемлекеттік мекемелер мен жергілікті билік өкілдері, ғалымдар мен сарапшылар, кәсіпорын басшылары мен бизнесшілер қатысты.