ШұғылЖелтоқсан-қаңтар айларында Қазақстанда карантин күшейтілуі мүмкін

«Bek Air» әуе компаниясына ұшу сертификаты қашан қайтарылады

Алматы маңында болған әуе апатынан кейін Авиация әкімшілігі «Bek Air» әуе компаниясына нақты талап қоймақ

Фото: ашық дереккөзден

Азаматтық авиация комитеті «Bek Air» әуе компаниясының ұшуға жарамдылығы сертификатын заңсыз тоқтату туралы өтінішіне қатысты жауап берді. Комитеттің хабарлауынша, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі ақпан айының соңында «Bek Air» АҚ-ға тексеру нәтижелерін жолдап, нақты талап қоймақ. Егер тексеруде көрсетілген бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаты кері қайтарылады.

2020 жылдың 3 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы Бейсенбек Әлиевтің қаулысымен «Bek Air» әуе компаниясының Қазақстанның авиациялық әкімшілігіне пайдаланушы сертификатын және ұшуға жарамдылығы сертификаттарын тоқтату туралы шешімнің күшін жою туралы өтініші бойынша сот ісі жабылды.

Сот отырысы барысында Қазақстанның авиациялық әкімшілігі сарапшылары Алматы қаласындағы әуе апатынан кейін жүргізілген әуе компанияның жоспардан тыс тексерудің аралық қорытындыларын ұсынды.

«Жоспардан тыс тексерудің аралық актісінде ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиациялық қызмет туралы заңнама талаптарының айтарлықтай бұзушылықтары көрсетілген. Аралық актіде көрсетілген бұзушылықтар пайдаланушы сертификатын тоқтата тұруға негіз болып табылады», - делінген сот қаулысында.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі пайдаланушы сертификатының қолданылуын тоқтатылуына «Фоккер-100» ұшағының апатқа ұшырауы себеп болғанын хабарлады. Бұл туралы 2019 жылғы 27 желтоқсанда ұшақ апатынан кейін «Bek Air» АҚ-қа жіберілген тікелей радиограммада көрсетілген. Шешім «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заңға сәйкес қабылданды, онда сертификат ұшу қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін заң талаптарын айтарлықтай бұзушылықтар анықталған жағдайда шектелетіні анықталды.

«Bek Air» әуе компаниясына тиесілі ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» пайдаланушы сертификатының және ұшуға жарамдылығы сертификаттарының қолданылуын тоқтатты. Бұл шешім соңғы үш жыл ішінде әуе компанияға қатысты болған екі ірі оқыс оқиғаға негізделген. Сонымен қатар, осы уақыт аралығындағы ұшу сағаттарының санына шаққанда қауіпсіздікпен байланысты мәселелердің жиілігі байқалған.

Тексеру нәтижесінде бірінші деңгейдегі елеулі бұзушылықтар анықталды, соның негізінде азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі ұйымның сертификаты ескертулерді жойғанға дейін тоқтатылды.

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Bek Air» АҚ қызметіне қатысты жоспардан тыс тексеруінің нәтижелерін 2019 жылдың 27 ақпанына дейін әуе компанияға жібереді. Хат алғаннан кейін әуе компания 10 күн ішінде әкімшілікке барлық бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуы тиіс. Егер бұзушылықтар 6 ай ішінде жойылмаса, пайдаланушы сертификаты мен ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарылып алынады.