ШұғылҚазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 106 310-ға жетті

Биыл 14 бағытта халықаралық рейстер ашылады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вице-премьер Роман Склярды қабылдады

фото: АСН-инфо

Үкімет басшысының орынбасары президентке Қазақстандағы «ашық аспан» жүйесін құру жөнінде атқарылған жұмыстар жайлы баяндады. Вице-премьердің айтуынша, биыл Қатар, Польша, Оман, Беларусь, Малайзия, Румыния, Біріккен Араб Әмірліктері, Кувейт секілді елдердің танымал әуе компаниялары жаңа 14 бағытта рейс ашады деп жоспарлануда. Сондай-ақ Швейцария, Оңтүстік Корея, Сингапур, Латвия, Литва елдеріндегі авиация саласының басшылығымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

«Роман Скляр Мемлекет басшысының 2019 жылы берген тапсырмалары орындалып, нәтижесінде жаңа 12 бағыт – Елордадан Прагаға, Ұлан-Батырға және Токиоға рейстер ашылғанын хабарлады. Президент мүдделі мемлекеттермен арадағы әуе қатынастарын кеңейтуді, сондай-ақ, Қазақстанның негізгі әуежайлары арқылы өтетін жүк тасымалының көлемін ұлғайтуды тапсырды», - делінген Ақордай сайтындағы хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев авиация саласындағы бәсекелестікті арттырудың маңыздылығын атап өтіп, оның жолаушыларға қызмет көрсету сапасына және азаматтық авиацияны дамытуға оң әсер ететінін айтқан.