04.02.2020, 17:42
Үкімет
Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
Сұңғат Есімханов 2018 жылдан бері Энергетика министрінің орынбасары болды
фото: pm.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы қаулысымен Сұңғат Қуатұлы Есімханов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
Сұңғат Есімханов 1973 жылы 30 қарашада Павлодар облысында дүниеге келген. 1996 жылы Павлодар индустриалды институтын, 2007 жылы Қарағандының «Болашақ» өзекті білім беру институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1996 жылы «Алюминий Қазақстан» АҚ-ның гидрометаллургиялық цехында инженер болып бастаған.
- 2001-2007 жылдары Астана, Ақтау, Қарағанды қалалары бойынша ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің құрылымында маман, бөлім басшысы, департамент директоры қызметтерін атқарған.
- 2008-2010 жылдары Павлодар облысының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды.
- 2010-2013 жылдары — «Қазақэнергосараптау» АҚ президенті болды.
- 2013-2014 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаментінің директоры болып жұмыс істеді.
- 2014-2018 жылдары — ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
- 2018 жылғы қарашадан бастап қазіргі таңға дейін ҚР энергетика вице-министрі қызметін атқарды.
Көп оқылған
21.07.2026, 15:34
Аргентина құрамасын әлем чемпионаттарынан мәңгіге шеттетуді 23 млн адам талап етті
21.07.2026, 15:46
«Әскерде командирім зорлады»: Threads-те аянышты жазба жариялап, ақша жинаған жас жігіт сотталып кетті (ВИДЕО)
21.07.2026, 17:43
«Қураған шөпті тұтатпақ болған»: Семейде алты жасар бала аулада тұрған көлікті өртеп жіберді
21.07.2026, 16:29
Атырауда қолжуғыштан жылан шықты: видео желіде қызу талқыланып жатыр
21.07.2026, 17:15
Астанада жүк көлігі жеті көлікті соғып, аударылып қалды (ВИДЕО)