04.02.2020, 15:12
Үкімет
Қазақстанның 32 жол учаскесінде бейнебақылау камералары орнатылады
Бейнебақылау камералары жолдағы қозғалысты тәулік бойы бақылайды
фото: motor.kz
Ақылы жолдарда төлем алу жүйесін орнату және қызмет көрсетуге қатысты инвестициялық жоба аясында биылдан бастап еліміздің тасжолдарында бейнебақылау камералары орнатыла бастайды. Жалпы алғанда, еліміздегі республикалық маңызы бар автожолдардың 11 мың шақырым бөлігінде 600 камера орнату жоспарланып отыр.
«Камералар жолдағы қозғалысты тәулік бойы бақылайды. Тұтастай алғанда, мұндай қондырғылар 2024 жылға дейін еліміздегі республикалық маңызы бар жолдардың 32 учаскесінде пайда болмақ», - делінген ведомство хабарламасында.
Министрліктің хабарлауынша, бұл көлік қозғалысының жылдамдығы мен бағытын, мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз жүрген автокөліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Көп оқылған
09.07.2026, 10:56
Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ ер адам соққыға жықты (ВИДЕО)
09.07.2026, 12:59
Жамбыл облысында шетел азаматы елден 170 млн теңге шығармақ болған