Басты себеп - «Bek Air» әлі күнге дейін тұтынушыларына орындалмаған рейс билеттерінің ақшасын қайтармаған
Сауда және интеграция министрлігінің тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті ағымдағы жылдың 31 қаңтарында Нұр-Сұлтан қаласының сотына «Bek Air» компаниясының үстінен шағым түсіріп, талап арыз берді.
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің талап арызында «Bek Air» әуе компаниясы сатып алынған авиабилеттердің ақшасы әлі қайтарылмай, тұтынушалырдың құқығы бұзылғандығы көрсетілген (әуе рейстері тоқтатылды). Сауда және интеграция министрлігінің комитеті 444 434 теңгеге билет сатып алған 20 адамның құқығының бұзылуы бойынша арызбен шағымданды», - деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.