$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.01.2020, 22:16
Үкімет

Министр қазақстандықтарға Қытайға бармауға кеңес берді

Қытайдан келген азаматтар арасында дене қызуымен ауруханаға жатқызылған 25 адам емделіп шыққан

Министр қазақстандықтарға Қытайға бармауға кеңес берді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Орталық коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингте Қытайда тарап жатқан коронавирус індетіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Тедрос Гебрейесус осы ауру бойынша Қытай Халық Республикасындағы жағдайды «қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы халықаралық деңгейдегі төтенше жағдай» деп жаприялады. Осыған байланысты, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы барлық мемлекеттерге өзінің ұсыныстарын және кеңестерін жеткізіп жатыр. Біріншіден, Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның қауіпі туралы Денсаулық сақтау министрлігі 6 қаңтардан бастап ақпарат беріп, қажетті шаралар енгізу бойынша шешімдер қабылдады. Арнайы штаб құрылды. Қажетті дәрі-дәрмектердің қоры құрылды. Баса айтқым келген, біздің елде жасалып жатқан барлық шара ДДСҰ-ның талаптары мен ұсынымдарына сай келеді, - деді Е. Біртанов. 

Министр елімізде коронавирусты жұқтырған науқастардың жоқ екенін де атап өтті.  Бүгінде Қытайдан келген азаматтар арасында дене қызуымен ауруханаға жатқызылған 25 адам емделіп шыққан. 

«Қытайдан келген азаматтардың арасында 66 адам коронавирус жұқтыруы мүмкін деген күдікпен ауруханаға жатқызылған болатын. Оның ішінде 25 адамның жағдайы жақсарып, емханадан шықты. Оларға ондай диагноз қойылған жоқ. Олардың дені сау. Ал 41 науқас медициналық мекемелерде ем алып жатыр. Олар диагностикалық тексерістен өтіп жатыр. Бірақ бірден айта кетерлігі, барлық пациенттің жағдайы тұрақты, халі мүшкіл немесе жағдай ауыр науқастар бізде жоқ, - деп тоқталды министр. 

Сондай-ақ,, коронавирустық инфекциясын жұқтыруы ықтимал деген күдіктілермен байланыста болған 3914 адам бақылауға алынып, медициналық тексерістен өтуде. 

Елжан Біртанов жақын қазақстандықтарға күндері Қытайға да, шетелге де шықпауды кеңес етті. 

«Біз азаматтардан Қытай Халық Республикасына бармауын сұраймыз. Және коронавирусты жұқтырған науқастары бар 23 елге де бармауды сұраймыз. Жалпы, осы уақыт аралығында шетел шығып, саяхаттауға шектеу қоюларыңызға кеңес береміз», – деді министр.   

Серіктес жаңалықтары