$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
30.01.2020, 11:56
Үкімет

Шенеуніктер атаулы әлеуметтік көмек туралы «чаттарда» сөйлеседі

1 қаңтардан бастап көпбалалы отбасыларға беріле бастаған жәрдемақыны 327 мың ана алып отыр

Шенеуніктер атаулы әлеуметтік көмек туралы «чаттарда» сөйлеседі

Бүгін Мәжіліс депутаттары Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың, оншақты вице-министрдің қатысуымен өңірлердегі сайлаушыларды мазалайтын сұрақтарды талқылап жатыр.

Аймақтағы халықтың депутаттарға қойған сұрақтарының көбі – атаулы әлеуметтік көмекке қатысты болған. Вице-спикер Гүлмира Исимбаева Бердібек Сапарбаевқа сөз беріп, атаулы әлеуметтік көмек, жалпы, көп балалы отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы сұрады.

Сапарбаевтың айтуынша, қазір бүкіл аймақтарда арнайы штаб құрылған, тіпті, тиісті жұмыс «чаттар» ашылған.

«Ең үлкен мәселенің бірі -  атаулы әлеуметтік көмекке өзгерістер енгізу. Біздің атқарып жатқан жұмыстарымызды атасақ, біріншіден, барлық ауылдық округтерден бастап облыс орталықтарына дейін штабтар құрылды. Жауапты адамдар бекітілді. Біз күніне екі рет өңірлерден мәлімет алып тұрамыз. Чаттар жұмыс істейді. Табысына қарай кейбіреулер қазіргі алып жатқан атаулы әлеуметтік көмектен түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан жергілікті органдарға тапсырма берілген. Сондай түсіп қалған отбасыларға жергілікті жерден, демеушілердің көмегімен көмектесу, қолдау керек», - деді Сапарбаев баяндамасында.

Жалпы, вице-премьер әдеттегі позициясынан таймай, атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасы мүшелері ең алдымен жұмыс істеу керек дегенді алға тартты.

«Ең үлкен мәселе, әрине, оларды жұмыспен қамту», - деді ол.

Бердібек Сапарбаевтың мәліметіне сүйенсек, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төленген жаңа мемлекеттік қолдауды, яғни, 4 баласы бар отбасыларға 42 496  теңгеден 7 және одан да көп баласы бар отбасыларға 74 388 теңге көмекті қазір 372 мың отбасы алып отыр. Жыл басынан бері осы 372 мың отбасы алған жәремақыға мемлекет 17 млрд теңге жұмсаған.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары