ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 872 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Елбасы Жоғары Сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев судьялардың іріктеуден әділ өтуі тиіс екенін айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy тілшісі elbasy.kz сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің сот жүйесін реформалау және Ұлт жоспарындағы сот кадрларын іріктеу және дайындау бойынша шараларды жүзеге асыру жөнінде ақпарат берілді.

«Жоғары Сот Кеңесі сот мамандарын іріктеуді іске асырады. Бұл жұмыс объективті болуы керек. Судьялар нақты конкурсқа сәйкес іріктеуден өтуге тиіс. Олар білімді, адал болуы, адамдармен жұмыс істей білуі қажет», - деді Елбасы.

Өз кезегінде Талғат Донақов судьяларды іріктеуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді.

«Жағдай өзгеріп жатыр. Судьяларға деген сенім артып келеді. Жұмыс барынша объективті және ашық жүргізілуде. Арнайы конкурстық комиссия құрылды. Оған судьялармен бірге, заң қауымдастығы өкілдері, HR-мамандары, тәуелсіз сарапшылар кірді. Қазіргі таңда соттарға баратын кадрлардың дайындығы жоғары, жауапкершілі мол», - деді Жоғары Сот кеңесінің төрағасы.

Сұхбат
Танымал психоаналитик Анна Құдияровамен сұхбат
Қазақстан ғалымдары КВИ-ге қарсы вакцинаны 45 күнде әзірлеген
1 шілдеде Қазақстанда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің «Жас отбасы» жаңа бағдарламасы іске қосылды
Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешовпен латын әліпбиіне қатысты сұхбат