$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.01.2020, 10:48
Үкімет

«Қысқа әрі нұсқа». Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысының регламентін бекітті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды

«Қысқа әрі нұсқа». Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысының регламентін бекітті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Үкіметтің кеңейтілген отырысын өтіп жатыр. Жиынға Үкімет мүшелері, өңірлердің әкімдері мен құзырлы орган басшылары Үкімет үйіне жиналып, 2019 жылдың қорытындылайды. Президент баяндама жасайтын шенеуніктерге «қысқа да нұсқа, негізгі мәселелерге тоқталуды» тапсырды.

«Алдымен өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін қарастырамыз. Жалпы, біз жақсы көрсеткіштерге қол жеткіздік. Атап айтсақ, жалпы экономикалық өсім 4,5 пайызды құрады. Сайлауалды тұғырнамада айтылған негізгі міндеттерді орындауымыз керек. Бұл еліміздің ортақ дамуы серпін береді. Қазір атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды талқылаймыз.

Басты мақсат – қолда бар мүмкіндіктерді, әлеуетімізді толық пайдалану.  Бүгінгі отырыстың күн тәртібін келісіп алайық. Еліміздің 2019 жылғы әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары туралы және осы жылға қойылған жоспарлар жөнінде Премьер -министр Асқар Мамин баяндайды.

Ақша-кредит саясатына қатысты шаруалар жөнінде Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев ақпарат береді. Әлеуметтік даму және еңбекпен қамту мәселелері жөнінде премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев баяндайды. Өңірлердің әлеуметтік экономикалық даму қорытыныдары бойынша Нүр-Сұлтан қаласының, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақтөбе облыстарының әкімдері баяндайды. Қысқа әрі нұсқа негізгі мәселелерге тоқталыңыздар», - деді Үкіметтің жалпы отырысын ашқан Президент.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары