$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2022, 12:54
Үкімет

Бозымбаев Алматы облысы екіге қалай бөлінетінін айтты

Жаңадан құрылатын Жетісу облысында екі қала мен сегіз аудан болады

Бозымбаев Алматы облысы екіге қалай бөлінетінін айтты

Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев жаңадан құрылатын Жетісу ауданының құрылымы қандай болатынын айтты, деп жазады Zakon.kz.

Бозымбаевтың айтуынша, Жетісу ауданының аумағында екі қала, сегіз аудан және 352 елдімекен болады. Ал, Алматы облысының үлесіне бір қала, тоғыз аудан және 380 елдімекен тиеді. Оның пікірінше, аймақтардың осылай бөлінуі екі облыстың дамуына серпін береді.

«Облысты бөлу туралы жұмыс комиссиясы құрылып, оған облыстағы тиісті басқармалар мен аумақтық органдардың басшылары енді. Алматы облысының шекарасын Жетісу облысына жер беру арқылы қайта өзгерту туралы үкімет қаулысының жобасы әзірленіп жатыр», - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан халқына арнаған Жолдауында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарын құру туралы тапсырма берген болатын.

Серіктес жаңалықтары