$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.01.2020, 17:32
Үкімет

Қазақстанда мал басының саны қанша пайызға өсті?

2019 жылы ірі қара саны 4%, жылқы басының саны 6,8% өскен

Қазақстанда мал басының саны  қанша пайызға өсті?
Фото: informburo.kz

Бұл мәліметтер Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен мал шаруашылығын дамыту жөніндегі кеңесте белгілі болды.

2019 жылы мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісінің көрсеткіші 2018 жылмен салыстырғанда 12,5%-ға артық.

Сондай-ақ Қазақстанда ірі қараның саны - 7,4 млн (4%), жылқы басының саны – 2,8 млн (6,8%), құстардың саны - 44,3 млн (2%), қой басы - 16,9 млн-ға (2,7%) жеткен. Сондай-ақ, елімізде 214,8 мың (3,5%) түйе, 822,2 мың (2,9%) шошқа саны тіркелген.

Кеңесте Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров ірі қара мал басын көбейту және сиыр етінің өндірісін арттыру үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндаған.

2019 жылы асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін субсидиялау мен саланың өнімділігін арттыру үшін былтыр 115,7 млрд теңге қаржы бөлінгені белгілі болды. 840 отбасылық ферма 82,2 мың ірі қара мал басын сатып алуға несие алды.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Үкімет #мал саны