14.10.2021, 00:45
Үкімет
Қайта вакциналау, бизнес нысандарының жұмысы және ұжымдық иммунитетті қалыптастыру — ВАК отырысы өтті
Соңғы екі аптада COVID-19-бен ауыру деңгейі 30%-ға, өлім-жітім 40%-ға төмендеді

Бүгін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдай туралы баяндама жасады. Соңғы екі аптада COVID-19-бен ауыру деңгейі 30%-ға, өлім-жітім 40%-ға төмендеді.
ВАК отырысында бірқатар маңызды шешім қабылданды:
- COVID-19-ға қарсы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында вакциналауға жататын контингент 9,9 млн-нан 11,4 млн адамға дейін ұлғайтылды, бұл ДДСҰ ұсынымдарына сәйкес ұжымдық иммунитетке 60% деңгейінде қол жеткізуге мүмкіндік береді;
- халықты қайта вакциналауды а. ж. қарашаның үшінші онкүндігінен келесі санаттағы адамдар үшін бастау жоспарланып отыр: тәуекел топтары (медицина қызметкерлері, педагогтер, медициналық-әлеуметтік мекемелер мен жабық мекемелердің персоналы мен контингенті, күш құрылымдарының қызметкерлері); 60 жастан асқан адамдар; өздігінен зерттеулерден өткен және КВИ-ға қарсы антиденелерге теріс тест нәтижесі бар адамдар;
- «ASHYQ» жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарының жұмыс уақыты ұлғайды, «жасыл аймақта» – сағат 03:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 05:00-ге дейін; «сары аймақта» – сағат 01:00-ге дейін, «ASHYQ» жобасының көшбасшылары үшін – сағат 03:00-ге дейін;
- Үндістан және Филиппинмен өзара вакциналау төлқұжатын тану іске асырылды, нәтижесінде Қазақстан Республикасы 15 елмен вакциналау паспортын тану туралы келісімге қол жеткізді (Түркия, Венгрия, Грузия, Қырғызстан, Молдова Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Беларусь Республикасы, Армения, Иран, Сан-Марино, Аргентина, Эстония, Үндістан мен Филиппин);
- карантиндік шектеулер кезеңінде ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өту тәртібіне ҚР аумағына еркін кіру (ВАК шешімінсіз) бөлігінде өзгерістер енгізілді:
- туыстық фактісін растай отырып, ҚР азаматтарының туыстары болып табылатын шетелдіктерге;
- ҚР азаматтарының отбасы мүшелері болып табылатын шетелдіктерге ауыр науқастанғандарға күтім жасау үшін, олардың ілесіп жүретін жұбайлары мен кәмелетке толмаған балаларына, сондай-ақ жерлеу рәсіміне келгендерге.
Ведомствоаралық комиссияның отырысын қорытындылай келе, Ералы Тоғжанов бірқатар нақты тапсырма беріп, ВАК қатысушыларының алдында таяу уақыттағы басым міндеттерді белгіледі.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
17.08.2025, 20:41
Шерзат Полат ісі: куәгер ретінде қатысқан екі қыздың ісіне қатысты тың мәлімет жарияланды
17.08.2025, 12:26
«Күндерім бар қайғылы»: Мейрамбек Бесбаев оқырмандарын ойландырып қойды
17.08.2025, 18:05
Дүйсенбіде бір өңірде ғана жаңбыр жаумайды – синоптиктер болжамы
17.08.2025, 16:49
«Шай мен сыра»: Желіде Баян Алагөзованың қыздары талқыға түсті (ВИДЕО)
17.08.2025, 17:33
Желіде той үстінде жас жұбайларға KFC берген видео талқыланып жатыр
Редактордың таңдауы
14.08.2025, 15:26
Отбасы банк ақша тапты: «Наурыз» ипотекалық бағдарламасы қайта басталады