Біртанов ұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайын жеке бақылауына алды

Автор: Azattyq Rýhy

Мемлекет басшысы 2019 жылдың 28 желтоқсанын жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады

Фото: ktk.kz

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Алматы маңында болған ұшақтың апаты салдарынан зардап шеккен азаматтардың жағдайын жеке бақылауында болатынын айтты.

«Алматы түбіндегі әуе апатынан қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына  көңіл айтамын. Қайғыларыңызға ортақпын. Ауруханадағы азаматтардың жағдайы жеке бақылауымда. Зардап шеккендерді қажетті медициналық көмекпен және дәрі-дәрмекпен толық қамтамасыз етеміз», - деп жазды министр Twitter парақшасында.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі Алматыдағы медициналық мекемелерге ұшақ апатынан зардап шеккен 49 адам жеткізілгенін, 18 адамның жағдайы ауыр екенін хабарлады.