$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.09.2021, 15:15
Үкімет

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,50% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады

Ұлттық банктің баспасөз қызметі мұндай шешім қабылдауға әсер еткен факторларды атады

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9,50% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады
көрнекі фото

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені +/– 1,00 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 9,50% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 10,50%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 8,50% болады. 

Мұндай шешім азық-түлік пен шикізат бағасының жалпы әлемдік инфляциялық өсу үрдістерінен туындаған экономикадағы басым проинфляциялық қысымға негізделген.

«Ішкі маусымаралық күтпеген өзгерістер тұтынушылық сұранысты белсенді түрде қалпына келтіретін сол қысымды, сондай-ақ электр энергиясына, газ бен ЖЖМ бағасының өсуін күшейтеді. Нәтижесінде жылдық инфляция 8,7%-ға дейін жеделдеді. Инфляциялық ая тамызда 8,8%-ды құраған халықтың жоғары инфляциялық күтулерінен де күшейе түсуде», - деп түсіндірді Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Коронавирустың қайта өршуі әлемдегі іскерлік белсенділікті бәсеңдетіп, проинфляциялық процестерді күшейте отырып, жаһандық жеткізілім мәселелерін ушықтырды. Халықаралық ұйымдардың болжамы бойынша, Қазақстанның сауда серіктестері болып табылатын ЕО және Ресейдің экономикасы жақсарған. Ал, Қытай бойынша төмендеу бар.

Жаһандық инфляциялық қысым азық-түлік өнімдеріне, шикізатқа, металдар мен автомобильдерге қатыстың бағаның өсуі жоғары деңгейде қалуын жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары