$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.09.2021, 15:17
Үкімет

Жүргізуші куәлігін алу: емтихан тапсыру тәртібі өзгереді

Қос министрдің бірлескен бұйрығы әзірге пилоттық жоба ретінде қолға алынды

Жүргізуші куәлігін алу: емтихан тапсыру тәртібі өзгереді
Көрнекі фото: ашық дереккөзден

«Ашық НҚА» порталында Ішкі істер министрі мен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығы жарияланды. Осы құжат негізінде «Әртүрлі санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігін алуға теориялық және практикалық емтихандарды қабылдауды оңтайландыру» пилоттық жобасы қолға алынады.

Пилоттық жобаны 2021 жылдың 1 қазанынан бастап 2022 жылдың 30 қыркүйегіне дейін іске асыру жоспарланған.

Жаңа бұйрықтың жобасына сәйкес, емтиханды (теориялық және практикалық) қайта тапсыру үшін арада кем дегенде бір күн уақыт өтуі керек. Сондай-ақ, теориялық емтиханды тапсыруға бір күн қалғанда Электронды үкімет порталы арқылы өтініш беріп, нақты күнін, уақытын және орнын таңдауға мүмкіндік бар.

Бірлескен бұйрықтың толық мәтінін мына сілтемеге өтіп оқуға болады.

Серіктес жаңалықтары