$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
07.09.2021, 09:56
Үкімет

Келер жылы бизнесті қолдауға 1 трлн теңге бөлінеді

Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасы әзірленеді

Келер жылы бизнесті қолдауға 1 трлн теңге бөлінеді
Әсет Ерғалиев, Ұлттық экономика министрі

ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев ҚР Президентінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыру бойынша жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Бірінші бағыт бойынша 27 іс-шараны іске асыру көзделген. Кәсіпкерлікті дамыту үшін 2022 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларын іске асыру жалғасады. Жалпы, қаржыландыру көлемі 1 трлн теңгеден кем болмайды», - деді Әсет Ерғалиев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, мемлекеттік қаржының тиімділігін арттыру мақсатында Басқару тұжырымдамасы әзірленеді. Тұжырымдама бюджет саясатын, мемлекеттік борышты басқару, сондай-ақ Ұлттық қордың қаражатын қалыптастыру және пайдалану мәселелерін қамтиды.

«Өндірушіден тұтынушыға дейінгі тізбек бойынша бағаны бірыңғай бақылау үшін негізгі Мемлекеттік орган айқындалатын болады. «Жеке қосалқы шаруашылықтар туралы» заң әзірленеді. Ауыл шаруашылығында субсидиялау тетіктерін ұзақ мерзімді негізде бекіту көзделіп отыр», - деп түйіндеді министр.

Серіктес жаңалықтары