QazVac вакцинасы клиникалық қорытынды зерттеуден өтті
Қорытынды есеп нәтижесіне байланысты отандық вакцина туралы ғылыми мақалалар жарық көреді
Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның авторы Күнсұлу Закарья QazVac екпесінің клиникалық зерттеудің үшінші кезең өткенін мәлімдеді.
«Шілде соңында клиникалық зерттеудің қорытынды есебі әзірленді. Қазір қорытынды есеп Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сараптауынан өтіп жатыр, оның нәтижесі енді дайын болады. Дегенмен, алғаш отандық вакцинаға қатысты клиникалық зерттеу сәтті жүргізілді деп айтуға болады», - деді Күнсұлу Закарья.
Үшінші клиникалық кезеңнен өткен QazVac вакцинасына қорытынды есепте оң баға берілген жағдайда, отандық вакцина туралы танымал журналдарда ғылыми мақалалар жарық көреді. Күнсұлу Закарья ғылыми мақалалардың қай журналда және қашан жарық көретінін жайлы айтқан жоқ.