«Қазатомөнеркәсіп» басшысы тағайындалды

Ғалымжан Пірматов өз еркімен қызметінен босатылды

Мәжит Шәріпов, фото: primeminister.kz

Директорлар кеңесінің шешімімен Мәжит Бейсембайұлы Шәріпов «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

Мәжит Шәріпов 1964 жылы Ақмола облысында дүниеге келген. МИФИ ҰЯЗУ Обнинск атом энергетикасы институтын бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы ҚазКСР Ғылым Академиясының Ядролық физика институтында реактордың эксперименттік қондырғысын пайдалану қызметінің инженері болып бастаған.

1992-1999 жылдары — ҚР Атом энергиясы агенттігі Ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғау бөлімінің маманы.

2000-2008 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Атом энергетикасы комитетінің Инспекциялау және талдау бөлімі басқармасының басшысы; бөлім басшысы.

2008-2010 жылдары — ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің Ядролық энергетика және атом өнеркәсібі департаментінің директоры.

2010-2012 жылдары — ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры.

2012-2013 жылдары — ҚР Атом энергиясы агенттігі Атом энергетикасы және өнеркәсібі департаментінің директоры.

2013-2014 жылдары — ҚР ИЖТМ Атом энергиясы комитетінің төрағасы.

2015-2020 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2021 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ядролық-отын циклы жөніндегі бас директоры болды.

27 тамызда «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ғалымжан Олжаұлы Пірматов 2021 жылдың 02 қыркүйектен бастап өз еркімен қызметінен кететінін мәлімдеді. Одан бері басқарма төрағасының міндетін ЯОЦ жөніндегі бас директоры Мәжит Шәріпов атқарады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.