$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.08.2021, 09:52
Үкімет

Алексей Цой қараша айына дейінгі болжамын айтты

Министр оптимистік және пессимистік болжамын жариялады

Алексей Цой қараша айына дейінгі болжамын айтты
Алексей Цой, фото: ашық дереккөзден

Қазақстан 1 млн тұрғынға шаққандағы көрсеткіш бойынша, КВИ жұқтыру және одан болатын өлім-жітім саны жөнінен 222 елдің ішінде 101-орында тұр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі Үкімет отрысында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Әлемде 213 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды, коронавирус инфекциясы тәулігіне 480 мыңнан астам адамнан анықталып жатыр. 4,4 миллионнан астам адам қайтыс болды. Соңғы аптада коронавирус Әзірбайжанда қатты өршіді, онда бір апта ішінде ауру 63%-ға, Жапонияда 34%-ға және Израильде 33%-ға өсті. Қазақстанда бір апта ішінде өсім 7%-ға төмендеді», - деді Цой.

Елімізде Түркістан облысын қоспағанда, барлық өңірлер «қызыл» аймақта. Дегенмен, соңғы жарты айда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайының біртіндеп төмендегені байқалады. Соңғы 2 аптада сырқаттанушылық деңгейі 10%-ға төмендегені белгілі болды.

Алексей Цой вакцинациялау бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.  

«Вакцинаның бірінші компонентін 6,4 млн адам қабылдады, бұл тиісті азаматтардың 64 пайызын құрайды. Екінші компонентті 5 млн адам алды, бұл тиісті азаматтардың 50 пайызын құрайды. Екпе алғандардың басым бөлігі Шымкент, Алматы, Нұрсұлтан қалаларында, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола және Атырау облыстарында байқалады. Бірінші дозамен ең аз қамтылғандар - Маңғыстау облысында (38%)», - деді министр.

Сонымен қатар, ведомство басшысы коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың қараша айына дейінгі болжамын жариялады.

«Пессимистік сценарий бойынша қыркүйек айында тіркелген жағдайлардың орташа тәуліктік саны 6 300-ге дейін, қазан айында 2 400-ге дейін болады. Нақты сценарий бойынша, қыркүйекте 5 300 жағдай, қазан айында 1 800 жағдай тіркелуі мүмкін. Ал оптимистік сценарийде: қыркүйекте 4 200 жағдайға дейін, қазанда тәулігіне 1 300 жағдайға дейін анықталады», - деді Алексей Цой.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары