23.08.2021, 17:52
Үкімет
Ashyq қатысушыларына демалыс күндері жұмыс істеуге рұқсат етілуі мүмкін
Премьер-министр Асқар Мамин Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жобалық кеңсе отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz
Отырыс барысында Ashyq жобасын одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта оған қатысушылардың саны 111 мыңнан асады. Олардың жартысынан көбі сауда, тамақтану және білім беру салаларында қызмет көрсетеді. Карантин талаптарын бұзушыларды анықтау жобаға қатысушылардың санын арттыру есебінен 15 есе өсті. Бизнес субъектілерін қамтуды одан әрі ұлғайту мақсатында Ashyq-қа қатысуға өтінім беру және QR-код алу тәртібі жеңілдетілді.
Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп Ashyq жобасына қатысушыларға демалыс күндері жұмыс істеуге мүмкіндік беру мәселесін пысықтауды тапсырды.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
13.11.2026, 09:23
«АҚШ азаматымын»: Алматы метросында қыз бен жігіттің дауына полиция араласты (ВИДЕО)
