Үкімет қаулысымен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының атауы «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ болып өзгерді
Сондай-ақ «QazExpoCongress» ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 100% мөлшеріндегі мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы ҚР Сауда және интеграция министрлігіне өтеді.
«QazExpoCongress» АҚ-ға маңызды мемлекеттік және квазимемлекеттік халықаралық сауда-экономикалық іс-шараларды жүргізу бойынша «Бірыңғай оператор» өкілеттігі беріледі. Шараларды бірыңғай оператордың ұйымдастыруы Қазақстанның бастамаларын ілгерілету мен сауда-экономикалық мүдделерін қорғауға ерекше әсерін тигізеді», - делінген Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.