$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.12.2019, 18:34
Үкімет

Қазақстан ДСҰ конференциясын өткізу үшін 3 млрд теңге қаражат жұмсайды

Конференцияға қажетті қалған қаржыны ДСҰ хатшылығы шығарады

Қазақстан ДСҰ конференциясын өткізу үшін 3 млрд теңге қаражат жұмсайды
Женевадағы келісім, 30 қазан. ДСҰ бас директоры Роберто Азеведо мен Сауда министрі Бақыт Сұлтанов

2020 жылы Нұр-Сұлтанда өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының министрлер конференциясын ұйымдастыру үшін Қазақстан тарапы 3 млрд теңге жұмсайды. Бұл туралы Бүгін сауда және интеграциялар министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

«Біз ДСҰ-ға мүше 160 елден, бақылаушы жиырма елден, сондай-ақ, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардан, трансұлттық компаниялардан, әлемдік БАҚ өкілдерінен жоғары лауазымды делегаттар келеді деп болжап отырмыз. Конференцияда күн тәртібіне шығатын мәселелерді ДСҰ хатшылығы әлі дайындап датыр. Бірақ, Нұр-Сұлтанда өтетін шарада балық аулау саласын субсидиялау, қызмет көрсету саласындағы сауда-саттықты ырықтандыру, электронды коммерцияны реттеу сияқты мәселелер талқыланады деп күтуге болады», - дейді министр.

Осы және өзге мәселелер талқыланатын іс-шараны ұйымдастыру үшін Қазақстан 3 млрд теңге жұмсамақ. Бұл қаражат конференция өтетін залдар мен баспасөз орталықтарын жалға алуға, аударма қызметіне, техникалық жарықтандыру мен мәдени бағдарламаға төленеді деген болжам бар.

«Жалпы, конференцияға қатысатын бүкіл делегаттардың шығыны шамамен 18 млрд теңгені құрайды. Қазақстан үкіметі бюджеттен 3 теңге жұмсаса, қалған 15 млрд теңгені ДСҰ хатшылығының шығарады», - деді министр.

Кенжекей Тоқтамұратқызы, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары