23.08.2021, 09:27
Үкімет
Тоқаев Пусан қаласында ҚР Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды
Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Пусан қаласында (Корея Республикасы) ҚР Бас консулдығын ашу туралы жарлыққа қол қойды.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Кореяға сапары кезінде Пусанда ҚР Бас консулдығын ашу туралы шешім қабылдағанын жеткізген еді.
«Бұл – серіктестігімізді стратегиялық рухта дамытудың тағы бір жолы. Келесі жылы Қазақстан мен Кореяның дипломатиялық қатынас орнатқанына 30 жыл толады. Осы орайда біз мәдени-гуманитарлық байланыстарды күшейтіп, нақты іс-шаралар өткізу маңызды екенін атап өттік», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Сеулдағы Кибер университеттің аумағында орнатылған ұлы ақын Абай бюстінің ашылу рәсіміне қатысты.
Көп оқылған
05.11.2026, 11:35
Қылмыс солай ашылды: Павлодарда алты жасында нағашы ағасы зорлаған қыз ауыр қылмысты ChatGPT-ге айтып берген
06.11.2026, 15:30
«Қарызым 150 млн еді»: 1 млрд теңгеден аса ақша жинаған Бадықованың жаңа күйеуі сырын жайып салды (ВИДЕО)
06.11.2026, 12:43
Ақтөбеде ер адамның экс-әйелін өлтіріп кеткені туралы ақпарат тарады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды