$ 514.94  583.74  6.13
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.08.2021, 09:41
Үкімет

Жыл басынан бері 10 мыңнан астам адам қандас мәртебесін алды

Тәуелсіздік алғалы 1 миллионнан астам қандас тарихи отанына оралды

Жыл басынан бері 10 мыңнан астам адам қандас мәртебесін алды
Фото: ашық дереккөзден

1 тамыздағы жағдай бойынша 10 398 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 80,7 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан астамы (76,4%) Өзбекстаннан, 10,1% – ҚХР-дан, 6,4% – Түркіменстаннан, 2,5% – Моңғолиядан және 4,6% – басқа елдерден келгендер.

Тарихи отанына оралғандардың дені Алматы (29,8%), Түркістан (14,2%), Маңғыстау (18,4%) және Жамбыл (8,3%) облыстарына, сондай-ақ Шымкент (10,6%) қаласына қоныстанды.

Тамыздағы жағдай бойынша, отанына оралған қандастардың 55,4%-ы еңбекке қабілетті жастағылар, еңбекке қабілетті жастан кішілері - 26,2%, зейнеткерлер - 18,4%.

Еңбекке қабілетті жастағылардың 11%-ы жоғары білімді, 39,6%-ы орта кәсіби білімді, 45,6%-ы жалпы орта білімді және 3,8%-ның білімі жоқ.

Серіктес жаңалықтары