22.06.2021, 14:51
Үкімет
QazVac емес: Асқар Мамин коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Премьер-министр «Спутник V» вакцинасын таңдады
Асқар Мамин, фото: primeminister.kz
Үкімет басшысы Асқар Мамин 21 маусымда - жұмыс күні аяқталғаннан кейін коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Премьер-министр Қарағанды фармацевтикалық зауытында шығарылған «Спутник V» вакцинасын алды.
«Асқар Маминнің вакциналаудан кейінгі жағдайы жақсы, ешқандай жанама әсерлері болған жоқ», - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 2,8 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1,7 млн-нан астам адам екінші компонентті алды.
Көп оқылған
21.11.2026, 10:34
Қарағандыда ер адам көпірден секірмек болған (ВИДЕО)
21.11.2026, 08:34
Алматыда ауруханаларда кезек көбейген: тұрғындар жаппай шағымданып жатыр
