$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.06.2021, 11:02
Үкімет

Алексей Цой вакцинация қарқыны төмен 9 өңірді атады

Аталған өңірлерде вакцина алғандар саны орташа республикалық көрсеткіштен төмен

Алексей Цой вакцинация қарқыны төмен 9 өңірді атады
Алексей Цой, фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой еліміздің бірқатар өңірінде тұрғындарды коронавирусқа қарсы вакциналау көрсеткіші төмен екенін айтты.

Министрдің айтуынша, Маңғыстау, Қостанай, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында 1-компонент вакцина алғандар саны орташа республикалық көрсеткіштен төмен.

«Қазақстан аумағында «Үнді» штамының таралуының анықталғандығын ескере отырып, өңірлердегі эпидемиологиялық тұрақтылықты ұстап тұру үшін жергілікті атқарушы органдар вакцинация қарқынын арттыруы және халық арасында тезірек вакцина алу қажеттігі, маска режимі, әлеуметтік арақашықтық сынды негізгі алдын алу іс-шараларын сақтау керектігі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтуі тиіс», - деді министр.

Одан бөлек, ведомство басшысы коронавирустың «үнді» штамын жұқтырғандарды ауруханаға жатқызу ықтималдығы жоғары екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары