$ 521.67  592.46  6.32
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2021, 15:43
Үкімет

Ұлттық компаниялардың активінде яхта, қонақүй, спорт кешендері бар - Сенат

Ольга Перепечина пайда әкелмейтін жобалар туралы айтты

Сенат депутаты - палатадағы Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина квазимемлекеттік компаниялар активінде пайда әкелмейтін, шығыны көп инфрақұрылымдар көп екенін айтты.

«Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің теңгерімінде бейінді емес активтер - моторлы яхта, шаңғы тебуге арналған жолдары бар спорттық-сауықтыру кешені, дәмхана, қонақүй бар. Коммерциялық пайда әкелмейтін, сатып алуға және күтіп-ұстауға арналған шығындары бар басқа да инфрақұрылым бойынша мәселелер бар. Портфельді басқару мәселесінде квазимемлекеттік сектордың тиімділігін бағалауды көздеу қажет», - деді сенатор.

Сенатор өзін ақтамайтын жобалардың көптігі бойынша «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын мысалға келтірді. Айтуынша, ҚТЖ-да ақталмаған жобалардың үлесі іске асқан барлық жобаның 75 пайызын құрайды.

Серіктес жаңалықтары