$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
17.06.2021, 11:52
Үкімет

Квазимемлекеттік секторды трансформациялау тиісті нәтиже берген жоқ - Есеп комитеті

340 млрд-қа жуық теңгеге активтердің тиімсіз басқарылғаны анықталды

Квазимемлекеттік секторды трансформациялау тиісті нәтиже берген жоқ - Есеп комитеті
көрнекі фото

Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованың 21 маусымда өтетін Парламенттің бірлескен отырысында сөйлейтін сөзінің тезистері жарияланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, квазимемлекеттік сектордың көптеген ірі компанияларында аудит жүргізілген.

«Тек 2020 жылдың өзінде квазимемлекеттік сектордың 25 субъектісі және олардың активтерінің 16 трлн. теңгесі аудиттелді. 60 жүйелі проблемалар мен кемшіліктер, 41 млрд теңге қаржылық бұзушылық, 340 млрд-қа жуық теңгеге активтердің тиімсіз басқарылғаны анықталды.

Квазимемлекеттік секторды жоғары технологиялық және тиімді институттарға трансформациялау процесі әзірге тиісті нәтиже берген жоқ.

Трансформациялау созылып отыр, Кешенді жоспарды іске асыру қорытындысы бойынша жекешелендіру тек 62%-ға ғана қамтамасыз етілді», - делінген төрайымның баяндамасында.

2017 – 2020 жылдары Ұлттық қорға квазимемлекеттік секторды жекешелендіруден түскен кірістер 40 млрд теңге немесе сату сомасының 7%-ы көлемінде түсті. Қалған қаражат ішкі және сыртқы борышты өтеуге жұмсалған.

2020 жылдың қорытындысы бойынша 2019 жылдың деңгейіне қарағанда борыштық міндеттемелердің өсуі шамамен 15%-ды құрады.

Серіктес жаңалықтары