16.06.2021, 15:53
Үкімет
Қазақстанда орташа зейнетақы мөлшері қанша?
Қазақстанда 2,2 млн зейнеткер бар
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Биыл қаңтар - мамыр айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 342,6 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 774,8 млрд теңге бағытталды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 243 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 100 019 теңгені құрады.
Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Көп оқылған
10.10.2026, 08:29
«Куәгер болған»: Ақмола облысында дәрігер өз-өзіне қол жұмсады
10.10.2026, 20:17
Күніне 30–40 мың теңге таппақ болған жасөспірім 5 жылға сотталып кетті
10.10.2026, 15:12
Түркияда 15 жасқа дейінгі балалар енді әлеуметтік желі пайдалана алмайды
10.10.2026, 10:08
Қазақстанның жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды
10.10.2026, 10:31
Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасына 7 миллион адам қатысты