15.06.2021, 12:10
Үкімет
Алакөлге қатынайтын жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды
18 маусымда «Алматы-Достық» бағыты бойынша тағы бір жолаушылар пойызы қатынайды
көрнекі фото
15 маусымнан бастап «Алматы - Достық» бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды. Пойыз аптасына екі рет қатынайды.
Сонымен қатар, 18 маусымнан бастап «Алматы-Достық» бағыты бойынша аптасына 3 рет тағы бір жолаушылар пойызын іске қосу жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Нұр-сұлтан қаласынан қолданыстағы жолаушылар пойыздарының схемасы кемінде 2 вагонға ұлғайтылатын болады (№258/257 Нұр-Сұлтан-Достық, №54/53 Нұр-Сұлтан-Достық).
Бүгін Алакөл көлі бағыты бойынша келесі маршруттар ұйымдастырылды:
Нұр-Сұлтаннан:
- № 54/53 «Нұр-Сұлтан НЖ-Достық» (жыл бойы), «Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдаушысы (дүйсенбі, жұма);
- №258/257 «Нұр-Сұлтан-1-Достық» (20.06.21 ж. бастап), «Жолаушылар тасымалы» АҚ тасымалдаушы (бейсенбі, жексенбі);
- «Нұр-Сұлтан-1-Достық» №122/6942/6941/121 (жыл бойы) пойыздарындағы тікелей вагондар, «АрайТрансKZ» ЖШС тасымалдаушысы (жұп күндері).
Алматыдан:
- №453/454 «Алматы-2-Достық» (жазғы 18.06.21 ж. бастап) тасымалдаушы «Тұран Экспресс «ӨК» ЖШС (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма);
- №21/6942/6941/22 Алматы-1-Достық (жазғы) пойыздарындағы тікелей қатынайтын вагондар, тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ (жұп күндері).
Көп оқылған
11.04.2026, 10:33
Павлодарда 13 жастағы қызды зорлаған студент сотталды
11.04.2026, 07:22
Парашют ашылмай, 18 жастағы курсант қаза тапқан: Ақтөбеде үкім шықты
11.04.2026, 17:26
12 сәуір күні ауа райы қандай болады
11.04.2026, 21:27
Астанада балта ұстаған мас ер адам тұрғындардың зәресін ұшырды
11.04.2026, 14:06
Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды