Мәжіліс депутаты Жоғарғы сот судьясы болып сайланды
Қанат Мусин ант берді
Мәжілістегі Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Қанат Мусин Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланды.
Сенат депутататтары Мемлекет басшысының Жоғарғы сот судьясы қызметіне Қанат Сергейұлы Мусинді сайлау және Денис Алексеевич Шиппті басқа қызметке тағайындауына байланысты Жоғары соттың судьясы қызметінен босату туралы ұсынымын мақұлдады.
Осылайша жаңа лауазымға тағайындалған Қанат Мусин Сенат қабырғасында ант берді.
«Өз міндеттерімді адал және абыройлы атқаруға, Сот төрелігін ҚР Конституциясы мен заңдарға ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретіндегі борышым міндеттегендей бейтарап және әділетті болуға салтанатты түрде ант етемін», - деді Қанат Мусин.
Ал бұған дейін Жоғарғы сот судьясы қызметін атқарған Денис Шипп Жоғары сот кеңесінің төрағасының қызметіне тағайындалды.