$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.06.2021, 11:00
Үкімет

Вице-министр ақылы жолдармен жүру тарифі бес есеге қымбаттайтыны жайлы ақпаратқа жауап берді

Былтыр 4 ақылы учаскеден 5,7 млрд теңге түскен

Вице-министр ақылы жолдармен жүру тарифі бес есеге қымбаттайтыны жайлы ақпаратқа жауап берді
көрнекі фото

Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев ақылы жолдарға қатысты төлем жүйесінің енгізілуіне наразы екенін айтқан жүргізушілер мен кәсіпкерлерге қолдау көрсеткен «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашевпен кездесті.

Вице-министр Берік Қамалиев депутаттардың ескертуіне жауап беріп, ақылы жолдармен жүру тарифтерінің бес есеге қымбаттайтыны жайлы депутаттар жариялаған ақпарат шындыққа жанаспайды деп сендірді. Айтуынша, тарифтер 2013 жылдан бері, яғни «Нұр-Сұлтан-Щучинск» автожолына төлем жүйесі енгізілгеннен бері өзгеріссіз қалған: жеңіл көлік үшін - 1 шақырымына 1 теңге, жүк көлігі үшін - 1 шақырымына 5-тен 25 теңгеге дейін, яғни жүк көтергіштігіне байланысты.

Оқи отырыңыз: Ақылы жол: Атырауда көлік жүргізушілері наразылық білдірді

Бұдан бөлек, вице-министр біздің елде тарифтер басқа мемлекеттермен салыстырғанда төмен екенін айтты.

Былтыр 4 ақылы учаскеден 5,7 млрд теңге түскен. 2021 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша ақылы учаскелерден 2,3 млрд теңге жиналған. Түскен қаражаттың барлығы жолдарды күтіп ұстауға бағытталады.

Серіктес жаңалықтары