Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылған шенеуніктің орнына жаңа орынбасар тағайындалды
Иван Турков 20 сәуірде СҚО әкімінің орынбасары қызметінен босатылды
20 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша республикалық және жергілікті жолдардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын бақылауды босаңсытып алғаны үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы С.Бармақов, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақтөбе облыстары әкімдерінің орынбасарлары Т.Шәкімов, И.Турков және Н.Қалауовтар қызметінен босатылды.
7 маусымда СҚО әкімінің орынбасары қызметінен кеткен Иван Турковтың орнына Сәтжан Аблалиев тағайындалды.
Сәтжан Әйтенұлы СҚО әкімінің құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары. Осы тағайындауға дейін ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
Еске салайық, 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық және жергілікті жолдардың сапасына байланысты мәселе көтерді. Президенттің сынынан соң «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ұлан Әліпов қызметінен босатылды.