$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2021, 12:13
Үкімет

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды

Айжан Шайназарованың соңғы қызметі - Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
Айжан Шайназарова, фото: primeminister.kz

Ведомство басшысының бұйрығымен Айжан Болатқызы Шайназарова Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

Айжан Шайназарова 1971 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

Санкт-Петербор мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген, Дьюк университетінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолын 1993 жылы Жамбыл жеңіл және азық-түлік өнеркәсібі институтының Алматы филиалында аға лаборант қызметінен бастады.

1994-1999 жылдары Қазақ мемлекеттік басқару академиясында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

1999-2001 жылдары — Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ аға оқытушысы. 

2001-2004 жылдары — ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ұйымдастыру жұмысы және әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бас маманы, басшысы.

2004 жылғы ақпан-желтоқсан аралығында — ҚР ақпарат министрлігінің Әлеуметтік технологиялар департаментінің талдау және мониторинг орталығының бастығы.

2004-2021 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде түрлі қызмет атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі таңға дейін Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Серіктес жаңалықтары